Астаналық жастар Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық жастар Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті

19.03.2018

Еріктілер халық арасында Ұлыстың ұлы күнін насихаттап, түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр. Ірі сауда орындарында, халық көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде Наурыз мерекесі жайлы арнайы сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген тұрғындарға арнайы тарту үлестірді. Қазақы өнерден шашу шашып, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Ұйымдастырушылар бұл акция басқа белсенді топтардың арасында да қолдау табады деген үмітте. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу