«Astana Mining&Metallurgy» тау-кен металлургия Конгресі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Mining&Metallurgy» тау-кен металлургия Конгресі өтуде

13.06.2014
«Astana Mining&Metallurgy» тау-кен металлургия Конгресі өтуде
Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайында «Astana Mining&Metallurgy» атты V Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің жұмысы жалғасып жатыр.
 
Негізгі жиынға Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысты. Оның айтуынша, Конгресс  тау-кен кешеніне байланысты маңызды мәселелердің түйінін тарқатуда айрықша халықаралық алаңға айналды.
 
Себебі, тау-кен металлургиялық кешені - көп елдің экономикалық-әлеуметтік және технологиялық қарқынын анықтайтын салалардың беделдісі. 
 
Алғашқы отырыста «Жаңғырту - әлемдік нарық тұрақсыздығы жағдайында тау-кен металлургия кешенін дамытудың негізгі факторы» тақырыбында шетелдік сарапшылар баяндама жасады.
 
Бұдан кейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау өткен жиынның қорытындысына орай, баспасөз мәслихатын өткізді.
 
Мәселен, соңғы 30 жылдың ішінде әлемде пайдалы қазбаларды өндіру көлемі 1,5 есеге артқан. Қазақстанда да мұнай-газ секілді экономиканың дамуына тау-кен металлургиясының да тигізер әсері зор.
 
Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу