Теріскейде биыл 1 қаңтардан бастап 144 мың адамның жалақысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде биыл 1 қаңтардан бастап 144 мың адамның жалақысы өсті

25.01.2019

Олардың 43 мыңы бюджеттік сала қызметкерлері болса, 101 мың адам кәсіпорын жұмысшылары. Осылайша, өңірдегі ең төменгі жалақы 52 мың теңгеден асты.

Светлана Слюнько электроқшаулағыш материалдар шығаратын кәсіпорында 2005 жылдан бері еңбек етеді. Дайын өнімнің жарамдылығы мен сапасын тексереді. 

Светлана Слюнько, жұмысшы:

- Мен бақылаушы қызметін атқарамын. Биыл жалақым 10 пайызға өсті, кәдімгідей қуанып қалдық. Сондай-ақ, сыйақылар да уақытылы беріледі. Бізге жағдай жасап отырған Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз.  

Бұл кәсіпорын өңірдегі электроқшаулағыш материалдарын шығарады. Олардың өнімдері  ішкі нарықпен қоса, шетелдерде де сұранысқа ие. Жыл сайын мемлекеттен қаржылай қолдау көріп отыр.

Евгений Высочин, ЖШС коммерциялық директоры:

 - Жұмыс бір орында тоқтап тұрған жоқ. Былтыр 900 миллион теңгенің өнімін өндірдік. Экспорт көлемі 65 пайызға жетті. Жұмысшылардың еңбекақылары да өсуде. Жалпы, Елбасымыздың тапсырмалары жақсы орындалып келеді.

Бүгінгі күні кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етіп келеді. Орташа жалақы 120 теңге көлемінде. Соңғы үш жыл ішінде жалақылары 30 пайызға өсіп, 120 мың теңгені құрады.   

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу