«Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 2,5 мың жауынгері оқ атумен тактикалық жиынын пысықтады. Оған 400-ден астам әскери техника тартылған. Бұл әскери жиынның басты ерекшелігі - радиоэлектронды күрес құралдары іс жүзінде қолданылып, мамандардың әлеуетін байқауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, түнгі ұрыс барысындағы танк полкының жаңа әдістері пысықталды. Оның қағидаты үздіксіз шабуылға негізделген. «Оқ атудың бұл тәсілі өзінің тиімділігін көрсетуде»,-дейді әскерилер.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.