Биыл елімізде халық санағы өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде халық санағы өткізіледі

22.01.2019

Бұл - Тәуелсіздік алғалы болатын үшінші санақ. Осыған дейін 1999 және 2009 жылдары жүргізілген.

Мамандар «10 жыл сайын өтетін санақ нәтижесінің әлеуметтік-экономикалық маңызы зор», дейді. Олардың пікірінше, бұл тек статистика емес, халықтың отбасылық жағдайы, күнкөріс деңгейі, саяси және мәдени бет-бейнесі. Сондықтан, биыл болатын ауқымды шараға республикалық бюджеттен 8,8 миллиард теңге бөлінген. Ең басты ерекшелік – бұл жолғы санақтың электронды түрде өтетіні. Санақ анкетасы 45 сұрақтан тұрады. Сондай-ақ, биыл әдеттегідей ақпан айында емес, күзде жүргізіледі.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

- Бүгінгі таңда қазақ жұртшылығының өсуін байқаймыз. Қазір 69 пайыздай, 12,5 миллиондай. Халық саны өсіп келе жатыр. Бірақ, туу деңгейі төмен.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу