Маңғыстау облысындағы коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер тарифтерін төмендетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер тарифтерін төмендетті

18.01.2019

Өңірде мұндай 11 кәсіпорын бар. Олар инвестициялық жобаларын ықшамдап, шығыстарын азайтқан. Нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша жылу шамамен 10 пайызға төмендеді. Ал, электр энергиясының құны қалада - 2, аудандарда 4 пайызға арзандады. Су – 4,5 пайызға, газды тасымалдау тарифі 2,6 пайызға азайды.

Облыстағы кейбір коммуналдық мекемелердің қызметтерінде өзгеріс бар. Мәселен, бұған дейін өңірді электр қуатымен бір ғана кәсіпорын қамтамасыз етіп келді. Енді биылдан бастап нарыққа өзге қомпаниялар қосылып жатыр.

Бақыт Бекмұратов, облыстық Монополияға қарсы департамент басшысының орынбасары:

- Тарифтер қаңтар айынан бастап төмендеді. Сондықтан, бұлар ақпан айының соңында тұтынушыларға әсер ететін болады. Егер сұрақтар, түсініспеушіліктер болса, біздің департаментке келіп, сұрауларына болады. Коммуналдық қызмет бойынша сұрақтарға толық жауап береміз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу