Алматыда осы айдан бастап жылу бағасы 18 пайызға, газ 16 пайызға арзандайды. Ал, судың тарифі 10 пайызға төмендетіледі.
Тұрғындар арзандатылған түбіртекті ақпан айынан ала бастайды. Мамандардың айтуынша, осы арқылы бір бөлмелі пәтерлер 2,5 мың, екі бөлмелі пәтерлер 3,5 мың теңгеге дейін үнемдейді. Сондай-ақ, монополистердің мақсатсыз жұмсаған 4,5 миллиард теңгесі қалалықтарға коммуналдық төлем тарифы ретінде қайтарылады. Жауаптылар Елбасының тапсырмасына орай тарифтердің бағасын реттеуді бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Мақсұт Исахов, қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:
- Тарифті түсіру - оңай мәселе емес. Ол - көп, қыруар қаржыны үнемдеуді қажет ететін шаруа. Соңғы үш жылдың ішінде халыққа коммуналдық төлемдердің қымбаттауы қатты әсер етпес үшін, қалалық бюджеттен 6 млрд теңгеге жуық субсидия берген екенбіз.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.