Мектеп асханалары жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп асханалары жаңартылады

17.01.2019

Өскемендік кәсіпкерлердің наразылығын тудырған мектеп асханаларын жаңарту мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Балаларды тамақтандыру саласында қызмет көрсететін іскер топ өкілдері  алдағы екі аптада өз ұсыныс-пікірлерін білдіреді. Соңғы шешім содан кейін ғана қабылданады.

Нақтырақ айтсақ, күні кеше шығыстың бас шаһарында кәсіпкерлер шу шығарып, биліктің 44 мектеп 4 ірі инвестордың қарауына беру туралы ұсынысына наразылық білдірді. Бизнес өкілдерінің осы сұраққа қатысты ой-пікірі ескеріліп, әр мектепке жеке лот берілетін болды. Яғни, барлығына бірдей жағдай жасалады. Мектеп асханасын жалға алып отырған кәсіпкерлерге  мемлекеттік-жекеменшік жүйесіне көшудің тиімділігі түсіндіріліп, келісімшартты 7 жылға жасау тұрақты жұмыс істеудің негізі екені тағы бір рет айтылды. Мәселені талқылауға Кәсіпкерлер палатасы, мектеп басшылары мен ата-аналар да қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Арман Ысқақов, Өскемен қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы:

- Ақпанның 2-не дейін мектептегі асхананы жалға алатын кәсіпкерлермен бірлесе отырып, барлық сұрақтар бойынша жұмыс істейміз. Яғни, асхана ішінде жөндеу жұмыстарын жасау, жиһазды жаңалау және басқа да мәселелерді бірігіп талқылаймыз. Бұдан кейін конкурстық құжаттамаға қосу үшін нақты ұсынымдар жіберіледі.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу