Маңғыстауда сирек кездесетін мысықты атқан азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда сирек кездесетін мысықты атқан азамат ұсталды

17.01.2019

Ол 45 жастағы Шетпе кентінің тұрғыны. Полицейлер оның көлігін тексеру барысында, мысық тұқымдас аңның өлі денесін тәркіледі. Қазір өлексе орман шаруашылығы аумақтық инспекциясына берілген. Мамандар жануардың шамамен 3 жасар екенін анықтады. Бірақ, қай түріне жататыны белгісіз. Сондықтан, сот биологиялық сараптама тағайындалды. Бұл аң - Маңғыстау құмдарында сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген шағыл мысығына қатты ұқсайды. Егер, ол болса , шығын көлемі 2 млн. теңгеден асады. Дәл осындай дала мысығы былтыр Үстіртте тұзаққа түскен. Мамандар оны соңғы 8 жылда көргендерін айтады.

Әділбек Бектілеу, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Қазіргі таңда Маңғыстауда мұндай мысықтар өте сирек кездеседі. Олардың түрі көп. Дала мысығы, шағыл мысығы, қарақалы бар. Бірақ, қай түріне жататынын сот сараптама қорытындысы бойынша айта аламыз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу