Сирек кездесетін дертке шалдыққан сәби - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирек кездесетін дертке шалдыққан сәби

17.04.2015
Сирек кездесетін дертке шалдыққан сәби

Ата-ана үшін алдында құлдыраңдап жүгірген баласының ауырғанынан асқан қасірет жоқ. «Баламның табанына батқан шөңге менің маңдайыма батсын»,-деп білетін ата-ана өмір бойы соңында қалар ұрпағының амандығын тілейді.

Өкінішке қарай, туабітті дертке шалдыққан сәбилер қатары азаяр емес. Медицина дамыған заман десек те, кейбір ауруға медицина әлі де қауқарсыз.

Миллионнан бір балада ғана кездесетін дертке шалдыққан кішкентай Қымбат күндіз-күні ата-анасының қолынан түспейді.

«Алғашқыда дәрігерлер «лейкоз» деген диагноз қойды. Баламның бауыры ісіне береді. Көк бауыры қатайып, кіндігі сыртқа шығып кетеді»,-деп налиды қамкөңіл ана.

Бүлдіршіннің  тағдыры  туралы толығырақ бүгін 17:05-те «Жан жылуы» хабарында.

Хабарламаларға жазылу