2019 жылы Қостанай облысына 1 миллиард 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл өндірісті өркендетіп, экспортты ұлғайтуға жол ашады. Аймақта 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Соның екеуін қытайлық кәсіпкерлер қолға алады. Қытай елінің инвесторлары жергілікті зауытта жаңа брендтегі көліктер шығаруды бастайды. Әріптестік аясында жылына шамамен 25-30 мың темір тұлпар құрастырылады. Ал, 2023 жылға дейін бұл көрсеткіш 3 есеге ұлғайып, өнімнің 30 проценті шетел нарығында саудаланбақ.
Сергей Могилатов, автозауыттың техникалық директоры:
- Егер алдыңғы жылы 10-20 көлікті ғана экспортқа шығарсақ, былтыр 100-ден артық өнім сыртқа саудаланды. Ал, биыл ең аз дегенде 1500 көлікті экспорттауды жоспарлап отырмыз. Біздің көліктерді тұтынатын ең алдымен Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан тәрізді көрші мемлекеттер. Биыл олардың қатарына Әзірбайжан қосылуы тиіс.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.