Көкшетауда су мен электр энергиясының бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда су мен электр энергиясының бағасы арзандады

04.01.2019

«Көкшетау Су Арнасының» қызметі 5 пайызға, ал қуат көзінің құны 3,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы облыстық Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Енді көкшетаулықтар судың бір текше метріне 140 теңге, ал, электр энергиясының 1 килоВатына 15 теңге төлейді. Ал, жылу бағасы шаһарда 1 желтоқсаннан бастап 38 пайызға азайған болатын. Ақмола облысындағы екінші ірі қала - Степногорда да коммуналдық қызметтердің құны арзандады.

Әсет Құрашев, облыстық Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

- «Көкшетау Су арнасына» тексеріске шыққанбыз. Оның қорытындысы бойынша, көптарифтік сметалардың орындалмауын анықтадық. Сондықтан, біз уақытша өтімдік тариф бекіттік.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу