«Тілек шыршасына» ілінген балалардың армандары орындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тілек шыршасына» ілінген балалардың армандары орындалып жатыр

24.12.2018

Жаңа жыл қарсаңында Халыққа қызмет көрсету орталықтарына шырша қойылып, оған тұрмысы төмен отбасылардың балалары өздерінің арман-тілектерін жазып, ілген еді. Енді міне, демеушілер табылып, кішкентай бүлдіршіндердің арман-тілектерін орындады. Түрлі сыйлықтар мен киім-кешек табыстады. Мұндай акция Қазақстанның бүкіл қаласында өткізілді. Шара аясында елордалық 10 балаға, Өскемен, Көкшетау мен қарағандылық 90 бүлдіршінге қажетті сыйлықтар тарту етілді. Әлеуметтік маңызы зор бастаманың қорытынды құттықтау шарасы Астанада желтоқсанның 28-де өтеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу