Жазушылар одағының өкілдері «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» және «Қазақ фольклоры» атты антологиялық-энциклопедиялық жинақтарын құрастыруға атсалысады. Бұл туралы Алматыда өткен «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиеті» атты І пленумда айтылды. Қабырғалы қаламгерлер мақалада жазылған тарихи мұраларды ұрпақ жадында жаңғыртуға айрықша үлес қосуға мүдделі. Олардың сөзінше, бұған дейін де аталған тақырыптар әдебиетімізде көрініс тапқан. Дегенмен, заман лебімен оларды жаңа қырынан таныту қажеттілігі туындап отыр. Осы бағытта одақ тарапынан жеті тақырыпты қамтитын әдеби байқаулар өткізіледі. Ал, келер жылы жазушылар Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдарымен бірлесіп, «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» және «Қазақ фольклоры» атты жинақтар жарыққа шығарады.
Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы:
- Тарихи тақырыптарға кең жол ашылып отырған кезде біздің жазушыларымыз бұрынғы қиын-қыспақтың өзінде қолынан қаламын тастамай тарихты зерделеп жазып жүрген жазушыларға енді бір мол мүмкіндік ашылған кезде барын салып қалады деп ойлаймын.
Әсем ҚАБЫЛБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.