Бүгін «Nurintech» атты республикалық жастар инновациялық байқауы жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Nurintech» атты республикалық жастар инновациялық байқауы жеңімпаздары марапатталды

21.12.2018

Бүгін «Nurintech» атты республикалық жастар инновациялық байқауы жеңімпаздары марапатталды. «Үздік жас ғылым», «Әлеуметтік маңызды инновациялар» және «Жастардың инновациялық жобасы» номинациялары бойынша үш жоба үздік деп танылып, оза шапқандар 1 миллион теңге сыйақыны қанжығалады. Сондай-ақ, тағы бір новатор Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің білім грантын иеленді. Айта кетейік, байқау басталғалы ел аумағынан 1000-нан астам өтініш келіп түссе, тек, үздік 30 жоба іріктеуден өткен. Жұмыстар «жасыл» энергетика, нано және биотехнология, өнеркәсіп, аргоинновация, IT, медицина, робототехника салаларын қамтиды. Осымен үшінші жыл ұйымдастырылған шараның діттегені – жастардың ел дамуы үшін маңызды идеяларын іске асыру.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу