Қызылорда облысында тампонажды цемент зауыты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында тампонажды цемент зауыты іске қосылды

18.12.2018

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жылына 1 миллион тонна тампонажды цемент өндіретін зауыт іске қосылды. Тампонажды цемент құрылыс, мұнай-газ және уран өндірісінде кеңінен  қолданылады. Ол әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие. Әсіресе, мұнай және атом саласына аса қажет компонент саналады. Отандық өнімге қажетті шикізаттың 98 пайызы жергілікті жерде бар.  Құм, доломит, әк және қиыршық тас жеткілікті, тек 1-2 пайыз қоспалар ғана сырттан әкелінеді. Дайын өнімнің 70 пайызы ішкі нарықты қамтыса, қалған бөлігі ТМД елдері мен Қытайға   экспортталады. Кәсіпорынның ерекшелігі - қоршаған ортаны ластамайды. Өндіріс кезінде бөлінетін көмірқышқыл газы арнайы сүзгіден өтіп, тазартылады. Замануи технологияны жергілікті мамандар басқарады. Сол үшін сырбойының 68 азаматы Қытайда оқып, тәжірибе жинақтап келді. 

Әшім Оразбекұлы, Шиелі ауданының әкімі:

- 260 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Цех басшысынан бастап, орындардың барлығына жергілікті мамандар келіп жатыр. Сондықтан, бұл біздің ауданымыз үшін, жалпы, аймағымыз үшін үлкен инвестициялық жоба.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу