Қызылорда облысында екі үлкен инвестициялық жоба іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында екі үлкен инвестициялық жоба іске қосылды

09.12.2023

Облыста шетелдік компаниялардың инвестициясымен екі ірі жоба іске қосылды. Соның бірі – Қызылорда қаласындағы шыны зауыты. Орталық Азиядағы ең үлкен әйнек өндіретін кәсіпорынға қытайлық инвесторлар қаржы құйды. Жыл басынан бері 141 мың тонна шыны өндірліп, ел нарығын қамтып қана қоймай, алыс-жақын шет мемлекеттерге экспортталып жатыр. Аймақтағы екінші ірі инвест жоба – томпонажды цемент зауыты. Шиелі ауданында орналасқан кәсіпорында цементтің 6 түрі өндіріледі. Зауытта жергілікті жерден 200-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне оң септігін тигізіп отыр. Жалпы облыста шетелдік инвесторлардың қаржысына ірілі-ұсақты 10-ға жуық жоба жүзеге асырылып отыр.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу