Теректі – үздік аудан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теректі – үздік аудан

13.12.2018

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы «Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік аудан» атанды. Республикалық рейтинг қорытындысында елдегі 232 ауданның ішінен топ жарды.

Теректі ауданында шағын және орта бизнес саласында 1600-ден астам тұлға тіркелген. Кәсіпкерлікте 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Олар биыл 9 айда 9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Жалпы, облыста кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі - 40 пайыз. Бұл - республика бойынша, Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үздік көрсеткіш.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Бірінші орынға біздің Теректі ауданы еніп отыр. Ол - біздің кәсіпкерлердің белсенділігі, мемлекеттің жасаған қолайлы жағдайы. Сонымен қоса, «Бизнестің жол картасы», «Атамекен», «Даму» бағдарламаларының, ауыл шаруашылығын қолдау кәсіпорындары жұмысының нәтижесі.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу