Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салынады

29.04.2023

Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірге келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Министр әуелі Теректі және Бөрлі аудандарындағы ауруханалардың жай-күйімен танысып, науқастардың хәл-жағдайын сұрап білді. Медициналық қызметкерлермен тілдесіп, олардың мәселесін тыңдады. Содан соң аудан тұрғындарымен кездесті. Министр өңірдің денсаулық сақтау саласында былтырғымен салыстырғанда, жақсы көрсеткіштермен қатар, әлі де атқаратын жұмыс көп екенін атап өтті.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Былтырғы жылдың қорытындысымен республика бойынша халықтың медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды. Бірақ халықпен кездескен кезде көптеген медициналық көмектің сапасы жөнінде, медициналық көмектің түрелері немесе дәрімен қамтамасыз ету туралы мәселелер көтеріледі.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу