Өскемен тұрғындары соңғы бір аптадан бері көк түтінге тұншығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен тұрғындары соңғы бір аптадан бері көк түтінге тұншығып отыр

13.12.2018

 Өндірістік кәсіпорындар мен жер үйлердің мұржасынан будақтаған түтін Шығыстың орталығын басып қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, соңғы бір аптадан бері қолайсыз күн райы Өскеменмен қоса, Риддер мен Жаңа Бұқтырма кентінде тіркелген. Мұндай  күндері бала бақшалар балаларды серуенге шығармайды. Жалпы, бұл шаһарлардың барлығы  ойпатта орналасқан. Желсіз тымық күндері жергілікті жұрт далаға шықпауға тырысады. Мамандардың мәліметі бойынша, ауада көміртек, азот, күкірт тотығының мөлшері шектік көрсеткіштен 1,5-2 есе асып кеткен. Экологтардың айтуынша, түтін сейілу үшін ең болмағанда секундына 3 метр жылдамдықпен жел соқса жеткілікті. 

Елена Полянцева, эколог:

- Қала тұрғындарына метеорологиялық жағдай жайсыз болған күндері серуенге шықпау жөнінде кеңес береміз. Шұғыл шаруа шықса немесе дүкенге бару керек болса, әрине, бара алады. Ал, еш себепсіз далаға шықпауға тырысу керек.  

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу