1 қаңтардан бастап жылу мен судың бағасы төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қаңтардан бастап жылу мен судың бағасы төмендейді

12.12.2018

1 қаңтардан бастап жылудың бағасы 10, судың бағасы 9 пайызға төмендейді. Ал, газдың тарифы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері мәлімдеді. 

Қазіргі таңда департаментте бағаны келістіру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін коммуналдық саланың мәселелері бойынша азаматтардың қоғамдық қабылдауы өттді. Оған «Астанаэнергосбыт», «Теплотранзит», «Астана су арнасы» сияқты табиғи монополия субъектілерінің өкілдері қатысты. Халықтың шағымы электр энергиясының тарифтеріне байланысты болып отыр. Тұтынушылар түйткілдерді шешу жолдары бойынша анықтамалар алды. Ал, қоғамдық қабылдау қараша айынан бері осымен бесінші рет өткізіліп отыр. 

Айгүл Тоқтарова, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім басшысы:

- 100-ге тарта адам келді. Соның ішінде 4 адам жазбаша жазып кетті. Мәселе бұл жерде шешілмейтін болғандықтан, тереңірек талдауды қажет ететіндіктен, арыз жазбаша жазылды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу