Алматыда 2019 жылдан бастап автобустарда орнатылған камералар арқылы айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 2019 жылдан бастап автобустарда орнатылған камералар арқылы айыппұл салынады

11.12.2018

Мәселен, арнайы жолаққа шыққан көліктің нөмірін түсіріп, рұқсат етілмеген жерге қойған жүргізушілерді тіркейді. Ал, қоғамдық көліктердің бейнебақылауына түскен ақпаратпен жергілікті ішкі істер бөлімінің мамандары айналысады.

Енді жол ережесін бұзғандар жауапсыз қалмайды. Жолаушылар тасымалдайтын компания өкілдері дайындықты қазірден бастап кетті. Себебі, талап - барлығына ортақ. «Алматыэлектротранс» серіктестігі алдымен техниканы толыққанды жаңартуға көшті. Бүгін тілшілерге автобустарды техникалық бақылаудан өткізіп, жуатын орындарды арнайы көрсетті.

Юрий Батаев, жұмысшы:

- Басқаларын айтпағанда, мен тәулігіне 50-ден аса автобусты техникалық тексеруден өткіземін. Кейде одан да көп болуы мүмкін. Бастысы, жолаушылардың қауіпсіздігі. Көліктің кем-кетігін тауып, жөндейміз.

Қазір смарт бастаманы көпшілік қолдап отыр. Себебі, мұндай жүйе алдымен қоғамдық көліктердегі заңбұзушылыққа жол бермейді. Ал, автобустардағы бейнебақылау камералары деректерді өңдеп, ІІД-не жібереді. Осылайша, арнайы жолаққа шығып, ойқастайтын көлік жүргізушілері бірден анықталып, айыппұл жазылады. Сондықтан, «Жаңа жүйе жүгенсіз кеткен жүргізушілерді тезге салуға септігін тигізеді», - дейді мамандар. 

Нұрлан Елшібаев, «Алматыэлектротранс» ЖШС пайдалану қызметінің басшысы:

- Жүргізушілерге телефон қолдануға болмайды.  Осы камераның арқасында 2 айда 174 жүргізушіге ішкі істерге беріп, айыппұл салдырдық. Қазір телефон қолданбайды.

Жыл соңына дейін қаладағы автобустарға 50 камера орнатылмақ. Бұдан бөлек, 1 желтоқсаннан бастап Алматыда көліктің орташа жылдамдығын есептейтін құрылғылар іске қосылып, полицейлер ереже бұзған машинаның жүргізушілеріне айыппұл жаза бастады.

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу