Бұл туралы Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменов айтты. Қауымдастық мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын экологиялық төлемдерден 70-120 млрд. теңге аралығында қаражат қазынаға түседі. Алайда, бұл соманың тек 3 пайызы ғана экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалады. Жергілікті әкімдіктер бұл өтемнің басым бөлігін әлеуметтік салаға бағыттайды екен. «Мұндай саясат ірі кәсіпорындарды «жасыл» технологияларға ынталандырмайды», дейді экологтар. Сол себепті, арнайы қор құрып, жиналған өтем қаржыны тек осы бағытта ғана жұмсау ұсынылды.
Салтанат Рахымбекова, Халықаралық «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы басшысының орынбасары:
- Ол төлемнің негізгі мақсаты – экологияны өңдеу, жөндеу және де өндіріс мекемелеріне ықпал жасау. Осындай технологияларға әлбетте өту керек. Ластауды кеміту керек. Бұл өте маңызды тақырып.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.