Елде бірқатар салықты төлеу уақыты 20 мамырда аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде бірқатар салықты төлеу уақыты 20 мамырда аяқталады

18.05.2022

Елде бірқатар салықты төлеу уақыты 20 мамырда аяқталады. Азаматтар тауарды сатып алу және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген салық есебін мерзімінен кешіктірмей өткізуге міндетті. Сонымен бірге қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін төлеген ақы бойынша декларацияны да тапсыруға тиіс. Еуразиялық экономикалық одақтағы биылғы қосымша құн салығын да 20 мамырдан кешіктірмей төлеуі қажет. Бұл экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға қатысты.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу