Облыстық жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне шағымданғандар саны әдеттегіден екі есеге көбейген. Нақтырақ айтсақ, 20 адам құлап, жарақаттанған. Үшеуі ауруханаға жатқызылып, басқалары алғашқы ем-домнан соң үйлеріне жіберілді. Дегенмен, құлап, қол-аяғын зақымдап алғандар әлі де келіп жатыр. Олардың көбі - егде жастағылар.
Тамара Рыплина, қала тұрғыны:
- Дәрігерлер қолымның сынғанын айтты. Өз кеңестерін берді. Міне, аяқ киімімнің сыртынан шұлық киіп алдым. Барлық жер тайғақ, сақтану керек.
Сәкен Қапанов, облыстық Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері:
- Үшеуі аурухананың травматология бөлімшесіне және нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Үшеуінде бас жарақаты бар, қолдары сынған. Былайғы күндері 30-35 адам қаралса, көктайғаққа байланысты 50 науқас келіп қаралып отыр. Көбейіп жатыр.
Жақсылық КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.