Алматы облысында кешелі бері екі оқушы іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында кешелі бері екі оқушы іздестіріліп жатыр

22.01.2020

21 қаңтар күні Ескелді ауданының Алдабергенов ауылында тұратын 2006 жылы туған Ару Бекберді мен 2008 жылғы Талшын Қызырбай мектептен кейін үйіне оралмаған.  

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары аудандық Полиция бөлімі мен облыстық Полиция департаментінің тәртіп сақшылары ауыл маңайын шолып жатыр. Сондай-ақ Талдықорған және Алматы қалаларында іздеу жариялады. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар Талдықорған қаласына қарай бет алған. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу