Күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен мамандар жолға кедергі болмас үшін таулардан жарылыс арқылы қарды төмен сырғыта бастады.
Жалпы, облыс бойынша 500-ге жуық қауіпті аймақ бар. Бірнеше ауыл дәл қар көшкінінің жолында тұр. Сондықтан, ол аумақтарға арнайы ескерту белгілері қойылған. Қардың қалыңдығын өлшеп, күнделікті мониторинг жасап отыру үшін жауапты адамдар тағайындалған. Табиғи апаттың алдын алу шаралары мамыр айына дейін жалғасады. Биылдың өзінде бірнеше рет «Өскемен- Самар», «Өскемен-Зырян» бағытындағы және тау-шаңғы курорты базаларына апарар жол бойындағы таулардан қар түсірілді. Селден қорғау мекемесінің мамандары қатері көп аймақтарды жіті қадағалап, тұрғындарға аса сақ болуды ескертіп отыр.
Омар Дүзгенбаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы:
- Біз осы 3 аймақта 15 мың текше метр қарды жару жұмыстарымен түсірдік. Мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін. Бұл жерде көп адам, техника жүреді. Сондықтан, біз алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.