Сайлау комиссияларында енді тұрақты жұмыс істейтін екі қызметкер болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау комиссияларында енді тұрақты жұмыс істейтін екі қызметкер болады

30.11.2018

Сайлау комисcияларында енді облыс, қала, аудан деңгейінде тұрақты жұмыс істеп, жалақы алатын екі қызметкер болады. Бұған дейін сайлау науқандарында бұл қоғамдық жұмыс болып есептелетін. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды. Осылайша, республика бойынша 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өзгерістер сайлау туралы заңға енген өзгертулер негізінде жүзеге аспақ. Заң бойынша жергілікті сайлау комиссиялары өз ішінен комиссия төрағасын немесе орынбасарын тұрақты жұмысқа сайлайды. Ал, хатшы қызметкер штаттық бірлігі міндетті түрде ашылады. 

Дәурен Ысқақов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының бөлім меңгерушісі:

- Тұрақты кәсіби негізде дегеніміз ол әр уақытта комиссия жұмысын атқарады. Басқа жұмыста істемейді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу