Алматы жұртшылығы белгілі тарихшы, археолог Карл Байпақовты ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы митинг «Ғалымдар үйінде» өтті. Қоштасу рәсіміне қоғам және мемлекет қайраткерлері, тарихшы ғалымдар қатысты. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасының көңіл айту жеделхатын оқып берді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Карл Молдахметұлы 1940 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Саналы ғұмырында 17 монография, 800-ге жуық зерттеу мақала жазып, ежелгі қала ошақтарын табуда тапжылмай еңбек еткен. Ортағасырлық қалаларды ашу үшін тер төгіп, еліміз ғана емес, әлем ғылымына өлшеусіз үлес қосқан.
Сәттар Мажитов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Ол кісінің Ұлы даланың тарихына, рухани байлығына қосқан үлесі зор. Карл Молдахметұлын тек қана отандық ғылым емес, әлемдік деңгейдегі гуманитарлық ғылымдар жоқтап жатыр деп айтуға болады.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.