Жамбыл облысында аналогты хабар тарату тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында аналогты хабар тарату тоқтады

26.11.2018

Жамбыл облысында аналогты хабар тарату тоқтатылды. Бүгін өңірдегі радиотелевизиялық станцияда аталмыш жүйе алғаш іске қосылды. Бұған дейін облыс орталығында аналогтық жүйе арқылы 10 телеарна көрсетілетін. Шалғай ауылдарда одан да аз. Мамандар «сандық технологияға  көшу телеарналардың санын көбейтіп қана қоймай, сапасын да арттырады», дейді. Ал, цифрлық хабар таратуды енгізу үшін 43 радиотелевизиялык станция қайта жаңғыртылған. Бұл 377 елді мекенді қамтуға мүмкіндік береді. Енді облыс орталығында 26, аудандарда 15 арна таратылды. Оларды тамашалау үшін арнайы қабылдағыш құрылғы алсаңыз жеткілікті.

Мақсат Қойшыбаев, «Қазтелерадио» АҚ ЖОФ директоры:

- Облыс бойынша 43 телерадио хабар тарату қосылған. Соның бәрінде көрсетеді. Облыс бойынша цифрлы хабар таратылмайтын 6 ауыл бар. Бірақ, ол жерде аудан әкімшілігі, облыс әкімшілігімен жұмыс істеп, халықтың бәріне жеткіздік. Спутниктік эфир «Отау ТВ»-ны орналастырдық. Тараз қаласынан 26 телеарна көрсетеді. Бұрынғысында 10 ғана арна, оның өзінде сапасы өте нашар болатын. Неге десеңіз, құрылғылар ескірді. 

Айта кету керек, аналогтық хабар тарату жүйесінен цифрлық хабар тарату жүйесіне көшу алғаш рет Маңғыстау облысында жүзеге асырылды. Ал, Жамбыл облысы бұл жүйеге толық қосылған екінші өңір.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу