Атырауда республикалық лекторий өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда республикалық лекторий өтті

26.11.2018

Ауқымды шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен сарапшы ғалымдар қатысты. «Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бірлігі бекем ел руханиятында алар орны ерекше», дейді. Кездесуде өзге  этнос өкілдеріне қазақ халқының салт-дәстүрі туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сондай-ақ,  басқосуда төл тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу тұрғысында дәрістер оқылды. Жиналғандар ұлттық сусынымыз қымыздан дәм татып, киіз үйдің ішіндегі құнды жәдігерлермен танысты.  

Камал Әлпейісова, «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы:

- Бұл - Бейбарыс, Құрманғазы бабаларымыздың, кешегі өткен Фариза апамыздың, Төлеген Айбергеновтың туған өлкесі болғандықтан, олардың ұрпақтарының да рухани бай екендігіне күмән жоқ. Сол рухани бай ұрпақтың ортасына келіп, Кеңес дәуірінде ұмыт бола бастаған қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, олардан қуат алуға келдік.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу