Алматылықтардың суға төлеген артық ақшасын қайтару желтоқсан айында басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтардың суға төлеген артық ақшасын қайтару желтоқсан айында басталады

21.11.2018

Бұл туралы қалалық Жылу энергетика кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорынының ресми өкілі Ян Гирин мәлімдеді. Жауапты маманның айтуынша, қазір қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесін тұрғындар желтоқсан айында түбіртек келген кезде көреді. Яғни, аталған қаржы ешкімге қолма-қол берілмейді. Кімнің суды қалай қолданғанына байланысты ай сайынға есептен белгілі бір алгоритммен шегеріледі.

Ян Гирин, қалалық Жылу энергетика кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорынының ресми өкілі:

-Сот шешімімен алматылықтарды ауызсумен қатмамасыз етіп отырған компания 385 миллион теңгені қайтаруы тиіс. Қаржының бәрі жүйелі түрде орнына келгенше қатаң бақылау жүргізіледі. Ал, жылу беруші компанияға келсек, есептеуіш құралдар көрсеткіші өз уақытында жеткізілмегендіктен тұтынушылар артық төлеуге мәжбүр болған. Бірақ, жаңа есептеуіш құралдар орнатылып, қайта есептелген соң тұрғындарға артық төлемдер қайтарылады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу