Көкшетаулықтарға артық төленген ақша қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулықтарға артық төленген ақша қайтарылды

12.04.2023

Көкшетауда алты мыңнан астам абонент қоқыс шығарушы компанияға артық ақша төлеп келген. Себебі коммуналдық мекеме көпқабатты және жер үйлерге екі тарифті заңсыз қолданған. Яғни, пәтер иелері төрт ай бойы белгіленген 377 теңгенің орнына жеке сектор тұрғындары үшін бекітілген 428 теңгені төлеген. Бұл жағдай қалалық прокуратура жүргізген тексеріс кезінде әшкере болды. Кәсіпорын тұрғындарға артық төлеген ақшасын толық қайтарып берді. Қазір іс құзырлы органның бақылауына алынып, тариф қалпына келтірілді.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу