Албанияның Еуропа істері және Сыртқы істер министрі Дитмир Бушатиді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қабылдады. Кездесу кезінде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың жай-күйі сөз болды. Тараптар арасында қандай да бір саяси немесе өзге сипаттағы келіспеушіліктер жоқ екендігіне тоқталды. Мемлекеттік хатшы Албан делегациясын «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында қарым-қатынас орнатуға шақырды. Елімізге ресми сапармен келген албаниялық әріптесімен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік тасымалы секілді салаларда серіктестікті тереңдете түсуге уағдаласты. Сондай-ақ, екі елдің сыртқы сауда палаталары арасында ынтымақтастық туралы келісім бекіді.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Екі мемлекет арасындағы қатынастардың тарихындағы СІМ алғашқы сапары болып табылады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.