Жаңаөзенде тұрғын үйдегі болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде тұрғын үйдегі болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

20.11.2018

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын қаладағы үйлердің бірінде газ жарылып, екі адам зардап шеккен болатын. Үйіндінің астында қалған анасы мен баласын төтеншеліктер бірнеше сағаттан кейін әрең құтқарды. Қазір олардың жағдайы ауыр. 29 жастағы жігіттің денесінің жартысы күйген. Науқастарға медициналық көмек көрсетілуде. Ал, жергілікті әкімдік зардап шеккен отбасын баспанамен қамтуға уәде берді. Әзірге жарылыстың нақты неден болғаны белгісіз. Бірақ, зардап шеккен отбасы «жердің астымен жүргізілген газ құбырының жарылғаны анық», - дейді. 

Баян Қалымбетова, тұрғын:

- Газ құбыры 2015 жылы өткен. Оның үстінде судың құбыры жатыр. Қай мекеме жауапты екенін нақты білмеймін. Анам мен бауырыма келген қасіретке кінәлі адамдар жауап берсін.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу