Атырауда халықтық кітапхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда халықтық кітапхана ашылды

08.11.2018

Онда 6 мыңнан астам кітап қоры бар. Сирек кездесетін жазбалар мен түрлі классикалық әдебиеттер осы жерден табылады. Сондай-ақ, сөреге ел тарихына қатысты ауқымды еңбектермен қатар, өлке жылнамасынан сыр шертетін деректер қойылған. Кез келген тұрғын келіп, өзіне қажетті кітапты оқи алады. Орталықтың бір ерекшелігі, оқырмандарға үйіндегі оқылған кітаптарын осында тапсыруына болады.

Андрей Кораблев, «Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Кітап қорын сақтап қалу - біздің басты мақсатымыз. Себебі, қазір көпшілігі шаң басқан кітаптарды лақтырып тастауға әуес. Тіпті, үйге күрделі жөндеу жасағанда да, ескіден құтылуға тырысады. Міне, сол кітаптар қазір өздерінің лайық орындарын тапты.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу