Астанада «Туризмді қолдау күні» атты дөңгелек үстел өтті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Туризмді қолдау күні» атты дөңгелек үстел өтті (ВИДЕО)

06.06.2014
Астанада «Туризмді қолдау күні» атты дөңгелек үстел өтті (ВИДЕО)
Елімізде туризм саласын жетілдіру керек. Бүгінде  салада шешілмеген мәселе шаш етектен.
 
Бұл туралы бүгін «Туризмді қолдау күні» атты дөңгелек үстел барысында айтылды.
 
Жиында Қазақстанда турзимді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі тұжырымдамасы талқыланды.
 
Сондай-ақ, экономикасы мен саяси ахуалы тұрақты елдерге визасыз бару жайы қаралды.
 
Мамандар «ішкі туризмге туристік сертификаттар беру, ішкі тасымалдау мен әуе тасымалы нарығын субсидиялық қайтарымсыз қаржыландыру керек», деп отыр.
 
Марат Иғалиев, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
Бізде Түркиямен салыстырғанның өзінде баға қымбат. Барлығы инфрақұрылымға байланысты. Көрікті жерлер бар, бірақ, туристердің баруына қиын. Бағасын төмендету керек. Екіншіден, қонақүйлер салу керек.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу