Қарағандыда құрылыс материалдарын өндіретін компания жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда құрылыс материалдарын өндіретін компания жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға өсті

07.11.2018

Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы құрылысқа қажетті пенопласт материалдарын шығаратын кәсіпорын қожайыны жұмысшылар жалақысын 20 пайызға өсірмек. «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасының арқасында соңғы жылдары бұл өнімге деген сұраныс артып, табыс еселенген. Соның нәтижесінде 40 маманның әлеуметтік жағдайы жақсарды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған бастамасы негізге ала отырып, кәсіпкер еңбекақыны көбейтуді қолға алған.  

Сергей Матюхин, кәсіпорын директоры:

- Біздің кәсіпорын енді ашылған кезде мемлекет тарапынан үлкен қолдау болды. Жеңілдетілген несие беріліп, жұмысымыз ілгері басты. Енді біздің де мемлекетке, халыққа көмек көрсететін кезіміз келді. Қазір табысымыз жаман емес. Жұмыскерлердің жалақысын көтеруге қаржылық жағдайымыз келіп тұр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу