Ақтөбеде Оқушылар сарайының жекенің қолына өтуіне ата-аналар наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Оқушылар сарайының жекенің қолына өтуіне ата-аналар наразы

01.11.2018

Ақтөбедегі Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы жекенің қолына өтпек. Алайда, оған ата-аналар тарапы қарсы.

Шығармашылық орталыққа 1000-нан астам бала келеді. 70-ке жуық үйірме бар. Ай сайын әр бала үшін 1500-ден 5000 теңге аралығында ақша төлейді. «Ал, жекенің қолына өтсе, жаңа қожайынның үйірме ақысын қымбаттатары сөзсіз», - дейді олар.   

Гүлжамал Черкасова, ата-ана:

- Бала мүмкіндіктерінен айырылып қалады. Үйінде 3 бала оқитын ата-ана біреуін ғана оқытар, екеуі далада жүреді.

Оқушылар сарайын жекеге беру туралы бастама қалалық мәслихат отырысында көтерілген. Мекеме басшысы да «әрі қарай алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік берсе», - дейді. 

Альфия  Нигматуллина, қалалық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының  директоры:

- Біз өз балаларымызбен жұмыс істегіміз келеді. Менің өзім осы жерде 35 жылдан аса жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде үлгілі ұжым қалыптасты. Қазір 50 педагог бар.  

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу