Облыста биыл 2,4 миллион тонна көкөніс, картоп пен бақша дақылдары жиналды. Оның тең жарымы Ресей, Беларусь, Латвия мен Германия елдеріне экспортталды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі айтты. Сондай-ақ, өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі де анағұрлым өсіп отыр. Бүгінге дейін 323 миллиард теңгенің өнімі шығарылған. Әсіресе, жеңіл өнеркәсіп, металл бұйымдарын жасау мен фармацевтика қарқынды дамып келеді. Ал, 88 кәсіпорын жаңа жылдан бастап жұмысшыларының жалақыларын өсірмек. Өңір басшысы басқосуда сондай-ақ, Елбасы тапсырмасына сай Түркістан қаласында еліміздегі ірі компаниялардың күшімен 16 нысан салынатынын айтып өтті. Түркістан облысында сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Қазір өңірде 28 мың азамат баспана кезегінде тұр.
Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:
- Қазіргі таңның өзінде 2449 пәтерлі 73 көпқабатты үй құрылысы жүруде. Оның көлемі 167 мың шаршы метр. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2293 жер учаскесіне инфрақұрылым жүргізудің дайындық жұмыстары жүруде.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.