Қызылорда облысы күріштен рекордтық өнім алды

20.10.2014
Қызылорда облысы күріштен рекордтық өнім алды

Биыл Қызылорда облысы күріштен рекордтық өнім алды.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, әр гектардан 51 центнер өнім алынып, ел қамбасына 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылған.

Бұл - еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғарғы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Өңірде басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім алынды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын 27 түрлі номинация бойынша  марапаттап, ақшалай және заттай сыйлықтар табыстады.

Хабарламаларға жазылу