Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулаушылар айылын жияр емес. Браконьерлер кейінгі кездері табиғи қорық аумақтарына кіріп кетуден де именбейді. Марқакөл және Зайсан көлдерінің балық аулауға тыйым салынған жерлерінде жыл бойы ау құрып, балық аулағандардың өздері бұл жолы арнайы авиажасақтың қолына түсті. Жалпы, биыл облыс бойынша барлығы заңсыз ауланған 12 тонна балық тәркіленген. Табиғат қорғайтын инспекторлар жыл басынан бері жүйелі түрде рейд өткізіп, 900 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 14 миллион теңгеден асады. Браконьерлерден тәркіленген заңсыз аулардың барлығы өртелді.
Талғат Рақымжанов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның бөлім басшысы:
- 200-ге жуық хаттама - ол өрескел заңбұзушылық. Яғни, синтетикалық моножіптен ауларды пайдалану. Сол үшін тиісті шаралар қолданылып, сот органдарына жіберілген. Ал, осындай кезекті рейд жасау өзінің нәтижелерін береді.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.