Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

15.04.2020

Атырауда инспекторларға қарсылық көрсетіп, артынша қашпақ болғандардың жолы кесілді. Оқиға қала іргесіндегі Еркінқала ауылында тіркелді. Инспекция өкілдеріне бағынғысы келмеген жергілікті 4 тұрғын шектеуге қарамастан, Жайық өзенінен балық аулаған. Олар заңсыз әрекетке барғандарын біле тұра, жанжалдасып, балық тиеген мотоциклді де өртеп жіберген. Браконьерлерден 270 келіге жуық балық тәркіленді. Бүгінде аталған дерекке қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу