Бұдан былай аграрлық сектор үш негізде дамытылады. Бірінші жүйелендіру шарасы қабылданбақ, кейін өңір ерекшелігіне қарай салалық жобалар жасақталып және ұзақмерзімді инвестициялық бағдарламалар әзірленеді. Осы бағытта жұмыс істеуге 20 күн бұрынғы Елбасы Жолдауы тікелей ықпал етті. Яғни, Жолдауда алдағы бес жылда еңбек өнімділігі мен қайта өңделген өнім экспортын арттыру және озық агротехнологияларды тарту жөнінде мәселе қойылған еді. Бүгінде ауыл шаруашылық саласына құйылған инвестиция 14% артқан. Ал, 2023 жылға дейін сүт өндірісін 1 млн. тоннаға жеткізіп, құс етін өндіруді 5 есе ұлғайту көзделіп отыр. Ал, жыл соңына дейін 15 мың тонна ет экспортталады. Биыл елімізде 22 млн. тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналған. Елбасы еліміздің барлық еңбеккерлерін егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады. Бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, шетел нарықтарына үлкен көлемде астық өнімін экспорттауға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаевтың тілегін Astana Agroforum-2018 республикалық кеңес қатысушыларына Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жеткізді.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.