Қызылордада «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды

19.01.2015
Қызылордада «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды

Өткен жылы 12 шаруашылық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 131,0  миллион теңге несие алып, 5627 бас қой, оның ішінде 327 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.

Сонымен қатар, бес шаруашылық өз қаражаты есебінен 96,2 миллион теңгеге 4470 бас қой әкелді.

Осылайша, жыл ішінде 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, облыста мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының» базасында мал шаруашылығы бөлімі ашылды. 

Хабарламаларға жазылу