Қарағандыда термин жасау ісінің тарланбозы, ғалым, жазушы Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара барысында «ТҮРКСОЙ» ұйымының, Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз елдерінің және республикамыздың әдебиеттанушы, тарихшы ғалымдары, тілшілер баяндама жасады. Iсләм Жарылғапов лексикология, лексикография, шет тілінен аударма саласында 5 мыңнан астам жаңа сөз, неологизмдердi өмірге әкелді. Тіл білгірінің балмұздақ, көрермен, оқырман, теледидар, аялдама, басылым сынды түсiнiктi, ойды нақты жеткізетін сөздері бүгінде кеңінен қолданыста. Жалпы, конференция аясында «Ісләм Жарылғапов және қазақ тілінің сөзжасам жүйесі», «Терминология және аударманың өзекті мәселелері», «Латын әліпбиіне көшудің ғылыми-әдістемелік негіздері» сынды тақырыптарда 70-ке жуық ғылыми мақала жазылған. Олардың бырлығы жинақ болып топтастырылып, жарыққа шықты.
Хулия Ксапоглу Ченгел, Анкара қаласының Гази университетінің профессоры:
- Біз түбі бір түркі халықтарымыз. Сөздеріміз Орхон ескерткіштерінен шыққан, тарихта біздің жазу тіліміз ортақ болды. Ісләм Жарылғаповтың күресін қалай түсінеміз? Қазақ тіліне негізделген, біздің тарихи тілдерімізге негізделген сөздерді жасаған азамат.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.