Семейде М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойын тойлау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойын тойлау басталды

26.04.2022

Биыл кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың туғанына - 125 жыл. Осыған орай Семейде мәдени шаралар басталды. Бүгін «Мұхтар Әуезовтің классикалық мұрасы әлем мәдениеті контексінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен жазушы, ғалымдар қатысып, заңғар жазушының өмірі мен шығармашылығына орай баяндамалар жасалды. Өңірде жыл бойы 100-ден астам шара ұйымдастырылмақ. Түрлі көрмелер, театр фестивальдері, әдеби байқаулар өтпек. Әуезовке қатысты тың зерттеулер жарық көреді. Мерейтойға орай халықаралық деңгейдегі шаралар да қолға алынбақ.

Нұрқиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

90-ға тарта республикалық және халықаралық шаралар және 500-ге тарта республикамыздың өңірлерінде осы Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына байланысты іс-шаралар жоспарланып отыр. ТҮРКСОЙ үйымымыен бірлескен халықаралық шараларымыз өтеді. Басты мақсат - Әуезовтың қалдырған мұрасын жаңғыртып, насихаттау.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу