Лондонда Елбасының ағылшын тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесер өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Елбасының ағылшын тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесер өтті

24.10.2018

Лондон қаласында Елбасының ағылшын тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Ағылшындар ширек ғасырдың шежіресі жазылған шығарманы тәуелсіз Қазақстанның атласына балап, ел болу жолында кезіккен кедергіні мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырған  Елбасының еңбегін ерекше атап өтті. Ал, біздің тарап кітаптың стратегиялық бағыты туралы баяндап, шығарманың шетелдегі оқырмандары күн санап артып келе жатқанын жеткізді. Кітап 4 тараудан, 506 беттен тұрады. Мемлекет басшысының тың деректерге толы туындысы алдағы уақытта Франция, Германия және Бразилия халқына таныстырылады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу