Мұғалім мәртебесі - өркениеттілік өлшемі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалім мәртебесі - өркениеттілік өлшемі

18.10.2018

«Ұстаз мәртебесін арттыру – мемлекетті кемелді ету, озық ойлы ұрпақ қалыптастырудың негізі».  Бүгін Шымкент қаласында білім саласы қызметкерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездескен «Ауыл» партиясының жетекшісі Әли Бектаев осылай деді. Елбасы Жолдауында айтылған «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау туралы тапсырма бұл мақсатқа жетуімізге мүмкіндік бермек. Құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игіліктерді қарастырады. Оның ішінде әсіресе, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс жұмыстардан арашалауға мүмкіндік бермек. Кездесуде ұстаздар қауымы да көкейдегі пікірлерін ортаға салды. Олардың маңыздылары іріктеліп, ортақ шешім қабылданды.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДП партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ұстаздар мәртебесі туралы Заң жобасы бүткіл халықтың деңгейінде талқылану керек. Керек болса, БАҚ-та жария етіле отырып, ата-аналардың, ұстаздардың пікірін де ескерту керек деген оймен осындай бастаманы көтеріп отырмыз. Әрине, жинақталған ұсыныстар тиісті орындарға жіберілетін болады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу