Салық амнистиясына кімдер ілігеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық амнистиясына кімдер ілігеді?

18.10.2018

Алдағы үш жылда, Елбасының Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау үшін 1 трлн. 288 млрд. теңге бөлінетін болды. Бұл туралы Қаржы министрі журналистермен болған брифинг барысында айтты. Президенттің тапсырмасына сәйкес, келер жылдан бастап ең төменгі айлықты көтеру үшін 85,5 млрд., ал өңдеу өнеркәсібі мен экспортты ілгерілету үшін 500 млрд. теңге бөлінеді.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов Елбасының шағын және орта бизнеске қатысты салықтық амнистия жасау тапсырмасына қатысты түсініктеме берді. Билік тарапынан көрсетілетін жеңілдікке биыл қазан айында берешек болған кәсіпкерлер ғана ие болады.

Қаржы министрі бұл жаңа ережені  жүзеге асыру үшін тиісті заңнамаларға өзгеріс енгізіліп жатқанын жеткізді.    

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

Бұл шара келесі жылдың басынан жылдың аяғына дейін, 31 желтоқсанға дейін жүргізілетін болады. Шағын және орта бизнес өзінің берешегін төлейтін болса, біз сол берешектің үстіне қосылған пеня, штрафтың бәрін кешіретін боламыз. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу